Ш.Ш. Уәлиханов ескерткіші
Мүсіннің авторы – Т. Досмағамбетов, сәулетшісі – К. Әбдалиев. Шоқан Уәлиханов (1835—1865) – бірінші қазақ ғалымы, этнограф, шығыстанушы, суретші, осы облыста туған. Ескерткіш композициясы классикалық дәстүрде шешілген, биік тұғырдағы түрегеп тұрған күйде бейнеленген, қолында оралған қағаз бар. Тұғыры бетон, қара гранит тақталармен қапталған, бүйір қырлардың тік діңгегі өрнекті жолақтармен ерекшеленеді. Тұғырдың биіктігі 4,6 м, қимасындағы өлшемдері 1,5 х1,5 м. Тұғырдың оң бетінде жоғарыда көлденең белдікте «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» деген жазу бар. Тұғырдың өлшемдері 5 х 5 м негізіне жалтыратылған гранит тақталар төселген. Ескерткіштің төңірегіндегі аумақ абаттандырылған, гүлзарлар жасалған.