Абылай хан ескерткіші

Абылай хан ескерткіші

Аталмыш ескерткіштің авторы – мүсінші Ю.Д. Баймұқашев, сәулетшісі Т.М. Жұмағалиев. Абылай хан тарихқа үш жүздің қазақтарын бір мемлекетке біріктірген мемлкеттік қайраткер ретінде кірді. Абылай хан дәуірі қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы күресіне сай келді. 1999 жылы Қарағанды қаласында қоладан құйылып жасалынған.

Абылай хан гранит тастұғырдың үстінде отырған күйінде бейнеленген, ескерткіш облыс әкімдігінің ғимаратына қарсы орнатылған. ХVIII ғасырдың мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломаты Абылай хан есімі бүкіл қазақстандықтарға белгілі. Абылай 18 жасында қазақтың жоңғарларға қарсы соғысына қатысып, ерлік көрсетті. Елді ел қыламын деп талпынып, үш жүздің басын біріктіремін деп ту көтерген азамат.

Мүсін материалы – қола, биіктігі -5 м, ағаштың биіктігі -14 м. Биікке көтерілген төбесінде қанатын жайған лашын бар үш қосыған діңгектен құралған «өмір ағашы» халықтың бірлігін бейнелейді.