Жақия қажы атындағы мешіттің ғимараты (бұрыңғы Науан Хазрет мешіті)
Көкшетау қаласының құрылысы кезінде -ағаш сәулет өнерінің ескерткіші мешіт діни-сәулет ескерткіші болып саналады, шамамен 1904 жылы салынған. Бойлық қасбеті Әуелбеков көшесінен, Момышұлы көшесіне дейін шығады.
Мешіт 1886 жылы өз үйінде мектеп ашқан молда Науанбай Таласов атымен аталған. Ғимарат өзінің атқарымдық мақсатын бірнеше рет өзгерткен. 1920 жылы мұнарасы құлатылды. 1985 жылы қайта қалпына келтіру жобасы жасалған («Қазқайтажаңарту» институты). 1989 жылы ғимаратқа бастапқы атқарымдық мақсатының қайтарылуымен мұнарасы қалпына келтірілген, мешіт телімі тазаланған., солтүстік-шығыс қасбетінен қызметтік жайлар үшін бірқабатты құрылыс жасалған. Бір көлеммен біріккен ғибадатханалы және мұнаралы татар мешіттері түрін сипаттайды. Қабырғалары қалдықты бөренелерден құралған, жұқа тақтаймен қапталған. Вальма шатыр астындағы батыс қасбетте михраб төртбұрыштарымен және шығыста вальма шатыр астында ауызүйдің төмендетілген көлемімен бойлық діңгек бойымен созылған жоспардағы тіктөртбұрышты көлем. Шатыр үстінде шығыс шетте-шатыр күмбезі астында төртбұрыш үстінде сегізбұрыш екіқабатты мұнара, батыс шетте- алтықырлы жайпақ күбезше. Қасбеттер классика пішіндері және ағаш сәулетшілігі элементтері аралас эклектика кезеңіне тән. Жақ тәрізді терезелердің жақтауларының жоғарғы және төменгі жақтары жапсырма арамен кесілген ою-өрнекпен безендірілген. Баспалдақты карниздер жгут және толқынды тартқышпен безендірілген. Ішінде кіріс бөліктен қалқамен бөлінген залдың батыс қабырғасының ортасында михраб нишасы бар бойлық-діңгектік композиция.