Көкшетау қаласының тарих музейі (бұрынғы 1889-1905 ж.ж. В.В. Куйбышевтар отбасы тұрған үй-мұражай)
Тұрғын үй қалалық үй-жай түрінде салынған. Үйдің артында бақ отырғызылған. Үйдің сол жағындағы аулада шаруашылық құрылыстар болған. Оладың жобасында Г-пішіндігі бірінде бір шатырдың астында жаздық ас үй, монша, атқора, қойма орналасқан. Қойма мен атқораның артында тереңде бақша болған. Қасбет жақтан аулаға кіріс қақпалы кең дарбаза бар. Бірқабатты ағаш тұрғын үй бұрыштарында байланыстыра отырып, ағаштан қиып жасалған, жоспарда тікбұрышты (11 х 13,9 м). Үйге басты кіріс Қанай би көшесі жағынан, аспалы кіреберіспен безендірілген, соңғы қалпына келтіру кезінде тапал тұғырға айналған, аула қасбеті бойындағы ауыз үйге алып барады. Қасбеттер көлденең жұқа тақтаймен қапталған және бояумен боялған. Карниздер жапсырмалы араланған қима ою-өрнекпен әшекейленген. Үйдегі негізгі бөлмелер ас үй, қонақ бөлмесі және үш жатын бөлмесі болған.