Шоқан Уәлиханов мүсіні

Ш.Ш. Уәлиханов — ұлты қазақ, география және этнография саласындағы көрнекті ғалым, шығыстанушы және батыл саяхатшы, Орыс Географиялық қоғамының мүшесі. Мүсін университет ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан. Уәлихановтың ескерткіші қара гранитпен қапталған биік тұғырдағы мүсін болып табылады. Мүсін қоладан жасалған. Авторы-мүсінші Ю.Г.Попов.2001 жылы орнатылған.