Төлеген Досмағамбетов мүсіні

Төлеген Досмағамбетов мүсіні

Д.Т.Досмағамбетов 1976 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Алматы қаласының О. Таңсықбаев атындағы № 105 көркемсурет училищесін және Т.К.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген.

Еңбек жолын Т.К.Жүргенов атындағы өнер академиясын «Кескіндеме және мүсін» кафедрасында сабақ беруден бастады.

Шығармашылық ұжымда Д. Т. Досмағамбетовтың жетекшілігімен 2000 жылы Қостанай қаласында «Ахмет Байтұрсынов», 2001 жылы Алматы қаласында «Академик Сәтпаев», 2000 жылы Астана қаласында «Барсы» сәндік композициясы, 2000 жылы Астана қаласында «Фонтан» сәндік композициясы , Астана қаласында 2000 жылы «Гранд-опера» қонақ үйінің мүсіндік безендірілуі жасалды.