Смағүл Садуәқасов бюсті
С.Садуақасов өзінің еңбек жолын 1915 жылы мектеп оқытушысы, одан кейін Омбы қаласындағы орта ауылшаруашылық училищесінде оқып және батыс- сібір коператорлар одағында инструктор болып жұмыс істеді. 1920 жылы Омбы қаласында шығатын «Кедей дауысы» атты газетінің редакторы болып тағайындалды. Сол жылы Орынбоор қаласына келіп «Еңбекші қазақ» республикалық өлкетану газетінің және «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы болды. Садуақасов журналистикалық қабілеттілігін көрсетеді. 1921-1928 жылдар Қазақ АКСР Түркістан ОСК құзырлы өкілі, Мемлекеттік жоспар төрағасы болып қызмет атқарды.
Мәскеу институтының көлік инженері мамандығын алған соң, Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында жұмыс істейді. 1933 жылы С. Садуәқасов қайтыс болды. 1994 жылы қазан айында университет ғимаратының алдына Смағұл Садуәқасовқа арнап бюст орнатылды. Бюсттің авторы –М. Бурмағанов. Ескерткіштен жас тұлға ашық, мақсатты көзқараспен қарайды. Тұғырдың оң жақ бетінде «Смағұл Сәдуақасов 1900-1933 жылдары» деген жазу бар. Бюст гипстен жасалған, тастұғыры темір бетоннан жасалған. өлшемі- 1,1 х 1,1 м., биіктігі 1,2 м., бюсттің биіктігі -0,9 м, тұғырдың биіктігі -1,20 м., жалпы биіктігі -2,1 м. 2004 жылдың ақпан айынан бастап Көкшетау қаласының көшесіне (бұрынғы Н. Крупская көшесі) Смағұл Садауқасовтың есімі берілді.