Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың бюсті

Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы  Нұрмағамбетовтың бюсті

2016 жылғы 25 мамыр күні Ақкөл қаласының С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы орталық көшесінде, батыр оқыған мектеп ғимаратының жанында қола мүсін орнатылды. Бюст авторы және орындаушысы Көкшетау қаласының тумасы Абенов Ринат Жантөреұлы. Бұл мәдени және туристік нысан, жерлесіміздің 92- жылдығының қарсаңында ашылды.

Бюст мәрмәр тұғырында тұр, оның биіктігі 1,60 м, ені 1 м. Бюсттің биіктігі 1 м. Бюст пен постаменттің жалпы биіктігі -2,80 м.

Бюст астындағы постаментте мәтіні бар тақтайша:

Сағадат Қожахметұлы Нұрмагамбетов

1924 – 2013

Армия генералы

Кеңес Одағының Батыры

№1 Халық Қаһарманы

Тәуелсіз Қазақстан

Республикасының тұнғыш

Қорғаныс министрі

Бюст үш жағынан жоғарғы жағында алтын түсті шарлары бар, құбырдан жасалған металл тіреулермен қоршалған, құбырлар өзара металл тізбектермен жалғанған. Барлығы сұр түске боялған. Бюст маңындағы алаң абаттандырылған, плитка салынған, шеттері-бетон қоршауы. Ағаш көшеттері, гүлдер отырғызылды.