Мәлік Ғабдуллин бюсті

Мәлік Ғабдуллин бюсті

М. Ғабдуллин- Кеңес Одағының батыры, жазушы, филология ғылымының докторы, КСРО ғылым академиясының академигі, РСФСР Педагогикалық ғылым акадамиясының толық мүшесі, Қазақ ССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екінші, үшінші және төртінші шақырылымдарының депутаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. 1943 жылы қаңтарда неміс-фашисттермен шайқаста көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз және басқа да медальдармен марапатталды.

Бюст Әуелбеков көшесі 123 үйдегі М. Ғабдуллин мұражайы ауласында, 1995 жылы 15 қарашада М.Ғабдуллиннің 80 жылдық мерейтойына арнап орнатылды. Авторы- мүсінші Н.К.Сатыбалдин. Бюст қоладан жасалған және жасыл мәрмәр тақталармен қапталған биік тікбұрышты тұғырға орнатылған.