Абылай хан алаңы

Абылай хан алаңы 0 Абылай хан алаңы 1

Абылай хан алаңы - тарихи жер, жартастармен қоршалып, орман ішінде орналасқан. Алаңның ортасында 1991 жылы, Абылай ханның 280 жылдығына арнайы мемориалды-сәулет кешені орнатылды. 2004 жылы биіктігі 35 метр сегіз қырлы обелиск түрінде тұрғызылды. Композицияның ортасы ақшыл түсті металлдан жасалған.

Ескерткіштің көлемді –композициялық мәнінің негізіне бірігу идеясы қойылған- жебелер шоғы (сегіз қыры) шанырақ сақинасымен біріктірілген, шанырақ-үйдің, отанның белгісі. Ескерткіш ұшына Қазақстан Республикасының туындағы белгілерді қайталай отырып, ұшынды бүркіт пен Күн орналасқан сүйір сүмбі орнатылған. Сақина (шаңырақ) ескерткіш биіктігінің төрттен бір бөлігіне дейін жететін иілген бұдырлы құрылымдарға (уықтарға) тірелген. Ескерткіштің қас бет қырларына, сақинаның (шаңырақтын) төменгі жағына Қазақстан Республикасының президенттің штандарты , ал басқа қырларына қошқар мүйіз оюы бар қалқандар салынған, қалқандардың арасында шашақ баулар жасалған. Ескерткіштің тұғыры сегіз баспалдақты дөнгелек орын болып табылады.