Нияз би кесенесі

Нияз би кесенесі

 


Сарыарқаның қос өзеніЕсіл мен Нұра арасындағы жайдақ өлкеде  Тайтөбеден биік жер де жоқ шығар. Нұра  Тайтөбені оң жағымен, шығыстан айналып өтеді  де  содан әрі Қорғалжын қопасына  қарай  тіке тартады. Егер осы алаңға құс қанатының үстінен қарасақ Тайтөбенің өзенге бір жағынан кіріккен түбек сияқты жер екенін аңғарар едік. Осылайша Тайтөбе тек  батысынан, яғни қазіргі Астана жағынан ғана ашық табиғи бекініс сияқты. Ортағасырлық  қоныстардың барлығы да, әсіресе хан мен сұлтандардың ордалары,  осылайша тұтқиыл шабуылдардан қорғанды.  

Оның басына шықсаң көз жетер маңайдың бәрі алақанға қойғандай көрініп тұрады. Тайтөбенің биік жерінде Нияз би кесенесі орналасқан.

Орналасқан жер: Нияз Тілеуліұлы (1741 – 1790)– Абылай ханның бас билерінің бірі.  Нияз би кесенесі – Ақмола облысы Целиноград ауданы  Тайтөбе кентінде орналасқан.

Қысқаша анықтамасы: Ұзын қыпшақтың алпыс тармағынан шыққан. Тапқырлығы мен әділдігіне риза болған Абылай Нияз би талантын жоғары бағалаған.  Би өмірінің көпшілігін  Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген.

Осындай ұлы батырлар мен билердің ортасынан тәлім алған Нияз ержете келе Есіл, Нұра жағаларын, Атбасар, Қараөткел атырабын мекен еткен елдерді басқарып, оларға әділ билік жүргізген. Елдікті, ерлікті, бірлікті, ынтымақты, адалдықты, адамдықты уағыздап келген. Нияз бидің тапқыр, шешендігі жөнінде мына бір аңыз ел есінде калыпты. 

Зерттеушілер Ақмола (қазіргі Астана) қаласы атауының тарихын Нияз би қабірінің басына орнатылған ақ моламен байланыстырады. Ұзын қыпшақтар Торғай өзенінің алқабындағы қазіргі қоныстарына XVIII ғасырдың ақырында Нияз және Кенжетай билердің нұсқауымен келіп мекендеген. Нияздан Айдаралы, Байдалы, Жақсылық, Айдарбек, Байғозы ұрпақтары тарайды. Әкесі Тілеулі батыр 92 баулы Қыпшақ жұртының құрама қолын басқарған Аңырақай, Қалмаққырған, Қалақұм тағы сондай атақты шайқастарда талай-талай ерлік көрсеткен Абылай ханның жеңімпаз батыры болыпты.

Нияз тәрізді үлы да, баба билердің, батырлардың ел үшін, халық үшін атқарып кеткен игі істерін өшпестей етіп, тарих беттеріне түсіріп, мәңгі есте қалдыру алдағы міндетіміз.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет.