Саққұлақ би кесенесі

Саққұлақ би кесенесі

 


(Ерейментау ауданы )

Ерте кезде  сот және тергеу қызметтерін қазақ билері атқарып, олар өздерінің шешендік сөздерімен барлық даулы мәселелерді әділ шешкен.  Қазақ билері құрметті және әділ шешім қабылдайтын жеке қасиеттерге ие болған.

Саққұлақ би (Сабден) 1800 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданында дүниеге келген. Ол- Бөгенбай батырдың шөбересі. Саққұлақ би 12-13 жасында Бапан бидің қасында жүріп, шешендік өнерге баулиды. Ал 15 жасында кешкентай дауларды шешкен.  Саққұлақ бидің шешендік сөздері: «Саққұлақтың Шоқанға берген батасы», «Ақыл туралы», «Төрт нәрседен қашық қыл», «Бұл да бір ғалымның бірі еді-ау», «Шыңғысқа өз аузынан айтқан көңілі», «Ғылым туралы», «Байдалы биге айтқаны», «Мұсаның өліміне айтқаны»  және басқалары.

Оның шешендік сөздерінде ғылым, білім, ерлік туралы философиялық терең ойларға толы. 

Шешендік сөйлеу сөзінде  терең философиялық ғылыми ой, білім, батырлық жатыр.  Саққұлақ би  сөздерін жаза отыра, сонымен бірге басқа билердің ойларын жазған болатын. Саққұлақ би  1888 жылы қайтыс болды.  оның артынан жеті ұлы болып, олардың ішіндегі Нұралы және Ералы деген балалары шешен және би болған екен. 

Саққұлақ кесенесі өлшемдері 33х140х70 см шикі кірпіштен салынған. Қасбеттердің қырларында аркалық нишалары бар сегізқырлы күмбезді көлем түрінде болды. Сегізбұрыштың оңтүстік-батыс қыры кірпіштің екі төменгі қатарына дейін бұзылған. Қалған қырлардың қабырғаларының қалдықтары 2,5 м биіктікте сақталған. Аркалық ойық түріндегі кесенеге кіріс шығыс жағынан орналасқан. Ұрпақтарының бірінің аты жазылған ескі тастың жанындағы батыс қабырғаның маңында Саққұлақтың өзінің және екі ұлының аттарымен және өмір сүрген уақыттарымен үш жаңа қабір үсті ескерткіш орнатылған. 2000 жылы кесене қирандысында орталық композицияның сегізқырлы күмбезді саркофагы салынған. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл көлінің жағасында орналасып, ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Деректеме: халық аузынан