«Қос бейіт»
(Жақсы ауданы)
Сол бейіттен 1 шақырымдай көл жиегінде «Қос бейіт» бар. сол жерден жақын жерде басқа бейіттер бар, бірақ олар басқа тастардан салынған. Бұл жерде наймандардың жайылым жайы болған.Ол «Қос бейіт» немесе «Шатырлы бейіт» деп аталады.
Бұл жерде кедей жігіт пенауқатты адамның қызы жерленген.Олар бір-бірін сүйсе де, тағдыр оларды қоспады.
Ірі қара мал жайылымы кезінде, атқа мінген қызды көреді. Оның сыңғырлап күлген даусы,оның ұзын қос бұрымы бірден көзге түсіп, жігіт бірден ғашық болды. Көп ұзамай жастар бір-бірін ұнатады. Бай, қызының ғашық болған жігітпен болуына үзілді-кесілді қарсы болды. Қыздың әкесі жасырын түрде жігіттен құтылуды шешіп, оған жауыздық жасағанда онымен бірге қызы болады, жасаған қастаңдықтан жігіт пен қыз сол жерде қайтыс болады. Қызын қатты қайғырып, ұзақ өкінген әкесі, қызы мен жігітті бірге жерлейді.
Олардың жерленген жері - сүйіспеншілік пен мейірімділіктің белгісі болып саналады. Тұрғындар бұл оқиғаны жастар үшін сабақ ретінде айтады.
Деректемедлер: Әлсейітов Сақтатың айтуы бойынша; «Ел мен жер» Тортай Садуакасов, 2003ж.