Қылышбай әулие бейіті

Қылышбай әулие бейіті

 


(Жақсы ауданы)

Терісаққан ауылынан 18 шақырым жерде Терісаққан өзенінің оң жағалауында Қылышбай Нұқы баласы, руы Қырғыз бейіті бар. Кейде «Әулие бейіті» деп де атайды.

Қылыш ата өте аруақты, молда кісі болған, ауырған адамдар қой сойып басына түнеген.  Науқас, жетім қалған балалар мен қарт адамдарға көмектесті. Адамдарды байлардың әділетсіз шешімдерінен қорғаған. Адамдар оны Алланың жіберген періштесі деп атаған.

Сол кезде Терісаққан аулында 30 молда болды, соның ішінде қадірлі және ардақтысы осы адам болған. Тың игеру кезінде көшіп келген орыстар Қылышбай бейітіне жақын жерді жырта алмаған. Сол кезде молданың жасаған мейрімділігі мен адал еңбегін есіне алды. Қазіргі уақытта бұл бейітті құрметпен еске алу орыны болып саналады. 

Деректемелер:  Әлсеитов Сақташтың айтуы бойынша