Ақтоқты бейіті

Ақтоқты бейіті

 


Ақан сері Қорамсаұлы-қазақ халқының таңымал әншісі, ақын және композиторы. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Ақан серінің жазған шығармалары махаббатқа арналған. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Бәтима қайтыс болғаннан кейін, Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Ұрқияға Ақан серінің "Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңін арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл- аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. Бірде ауылдарды аралап той думандатып журген кезде Ақан сері Ақтоқтыны кездестіріп, оған ғашық болады. Қасіретпен қатты қақтығысқан Ақан сүйгені Ақтоқтының жергілікті байға еріксіз ұзатылуы тұсында ерекше тебіреніске түседі. Ақан сері ұрлап алып қашпақшы болады, бірақ одан ештеңе шықпайды. Содан кейін «Желдірме» әнін жазады. Оның "Ақ көйлек”, "Аужар”, "Алтыбасар”, "Ғашық жарға”, "Тағрипың” әндері — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары.