Бөгенбай би мазары

Бөгенбай би мазары

 


(Зеренді ауданы) 

 Кенесарының хандық құрып тұрған кезінде  данагөйлігінің арқасында қырғызбен қазақ арасындағы бір үлкен дауға араша болып барған тапқыр  атамыз Бөгенбай. Бөгенбай би Кенесары ханның кеңесшісі және сенімді өкілдерінің бірі болған. Бөгенбай би шешендік және соғыс тәсілдерін жеттік меңгерген. Ол осы шеберлігімен туған жеріне шапқан жауларды жеңе білген. Халық оны өз жерінің қорғаушысы деп таныған. Қазақ жерінде дүниеге келген, есімдері кең тараған алты Бөгенбай батыр, шешен, би, қолбасшы, Әз деген  атақ берілген атамыздың  өткеніне көз жүгіртіп тарихты қадағалап отырған ағаларымыздың есінде болуы керек. Бөгенбайлардың  ішіндегі данагөйлігімен, тапқырлығымен, ел арасындағы асқан беделінің арқасында  Әз, Көмекей Бөгенбай атына ие болған атамыз Бөгенбай Құттықадамұлы 1761 жылы біздің  Зеренді ауданының Лосевка деген жерінде дүниеге келіп, сонда жерленген. Абылайды  көзі көрген, Кенесары ханның батырларымен үзеңгілес болып талай ұрыстарда, тартыстарда, ел арасындағы шешілуі қиын түйіндерді тілге тиек еткен шешен, сөздің майын тамыза сөйлей алған тапқыр, көріпкелдігі бар, дуалы ауыз, жау жүрек батыр болған  екен дейді тарих.  Халық алдында беделі үстем болғандықтан ақылгөй – данагөй Бөгенбай деп те атаған. Атамыздан тараған ұрпақ осы күні Айдабол, Бөгенбай, Сандықтау жерлерін қоныстанған. Бабамыздың өз ұрпағы Жарылғап батыр, Шауыпкел, Төлебайлар ел үшін жанын отқа салған батырлар. 2007 жылы  Лосевка елді мекенің аты Бөгенбай биге  ауыстырылды. Оның мазарын 1890 жылы Зерендіден оңтүстікке қарай 25 шақырым, Көкшетаудан 72 шақырым жерде, Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым, Айдабул аөзенінен оң жағалауына қарай орналасқан.

Бөгенбай би 19 ғасырда өмір сүрген.  Көріпкелділіктің арқасында әулие қатарына  қосылған. Бөгенбай би 105 жасында өмірден өткен.  2006 жылы Зеренді ауданы Бөгенбай би елінде Көмекей Богенбай би мен Тоғайұлы Әз батырға арнап 7 метрден тұрғызылған қызыл кірпіштен салынған мазар тұрғызылды.  

 Деректеме: Зеренді ауданының жергілікті өлкетанушысы Жақашев Төлеген Шемретұлы.