Иманжүсіп Құтпанұлына арналған естелік белгі
Киелі обьекті
2012 ж.
Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылынан 8 км.
Географиялық координаттары: 51°02'50.2"N 71°40'28.4"E
Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931)- белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушысы, төкпе ақын, еліміздің тарихына баға жетпес қазынасына үлес қосқан қазақ халқының танымал тұлғасы. Оның қазақ халқына кеңінен тараған өлеңдері: «Ерейментау», «Сарыарқа», «Қараөткел», «Сарыбел» және т.б. Иманжүсіп Құтпанұлы- Ақмола облысы, Аршалы ауданының, Жібек жолы ауылына жақын 8 шақырым жерде дүниеге келген.
1865 жылы Ақмола облысы уездінің болысы Ыбырай Жайықпаев Павлодар уезі, Песчаный станциясында тұратын Құтпан Дайрабаевтан хат алады. Ақмоланың тумасы ретінде, өзінің отбасын (жұбайы-Үміт, және төрт баласы Ақшабай, Шонай, Иманжүсіп және қызы Бәтіш) көшіру мақсатында жер бөлуді Құтпан өзінің хатында баяндайды.
Көп кешікпей ол Күйгенжардағы бөлінген жерге қоныстанды. Құтпан дәулетті, ауқатты, шаруақор, қамқоршы отбасы иесі және өзінің алып күшімен ерекшеленді. Жас кезінде Кенесары жасағында батыр жауынгер болғаны бәрімізге мәлім. Оның айналысындағылар адамгершілігі, зеректігі, ойға жүйріктігі мен ақылдығы үшін қатты құрмет тұтқан. Кішкентай Иманжүсіптің тілі ерте шықты. Құтпан, кішкентай Иманжүсіптің қорқынышты білмейтін, таңғаларлық күшімен және бірбеткей, тік мінезімен және жүйрік тұлпарды жеңіп озып шығатындығымен мақтан тұтатын. Тойларда Иманжүсіптің әндерін тыңдап, оның өткір тілін тыңдау үшін жастар артынан қалмай, артынан еріп жүретін. Сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесі жарқын, өзгеше: ұзын бойлы сұңғақ, бойы екі метрден асатын, жасыл көзді және ақ құба адам болған. Оның жүйрік аты Ақмола өңіріне белгілі болып, көкпарда онымен жекпе-жекке шығуға батылы бармайтын. Бостандық сүйгіш, қайсар мінезі үшін ол билік тарапынан бірнеше рет қудалауға ұшырады: 1905 жылы Ақмоладан жер аударылды, 1912 жылға дейін Өскеменде, ал 1911 жылы Жетісуда, Лепсіде және басқа жерлерде болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңында жер аударылудан босатылды.
Иманжүсіпті Тараз қаласында Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырғаны үшін айыптап, халық жауы санап 1931 жылы 2 наурызда ату жазасын берді. 1992 жылы ақталып шықты. Әкесінің қайтыс болғанынан кейін, аман-есен қалған Иманжүсіптің баласы- Нұрхан Наманған балалар үйінде тәрбиленіп шыққан баласы бүкіл өмірін әкесін іздеуге арнады. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның жақсы атын қалпына келтіру, оның сал серілік өмірі мен шығармашылығын зерттеу, табылған ғылыми өмірбаяндық деректермен немересі Иманжүсіп Раушан айналысты. «Иманжүсіптану» жобасы аясында қуғын-сүргінге ұшыраған мәдениет және ғылым қайраткерлерінің шығармашылық мұрасы мен оның өмірбаяны насихаттау туралы монографиялар және ғылыми-көпшілік басылымдар жарияланып, «Иманжүсіптің тарихи-мәдени портреті» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғалып, Қазақстанның бес аумағында мерейтойлық шығармашылығы өткізіліп, ескерткіштер мен мүсіндер орнатылды, көшелер мен шағын аудандарға Иманжүсіптің аты берілді, мәдениет сарайлары мен стадиондар, Астана қаласында және облыс пен аудан орталықтарында оның есімімен аталатын мектептер бар. Ата қонысында «Иманжүсіп» атты мәдени-танымдық орталық ашылып, ғалымдардың бастамасы мен күшімен музейлік кешенді құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Иманжүсіптің әндері К.Байжанов пен К.Байсейітованың көмегімен жазылды. «Сарымойын» әні Е.Г. Брусиловскийдің операсында қолданылды.
2013 жылы Иманжүсіп Құтпановтың 150 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде атап өтілді. Мерейтойына арнап Тараз қаласынан Иманжүсіптің жерленген орнынан топырақ әкелініп қайта жерлеу рәсімі жасалып, естелік тас белгі орнатылды.
Ұйымдастырушылар олардың даңқты бабасын еске алудың қайғылы және әсерлі рәсімін екі бөлікке бөлді: Тараздағы Иманжүсіптің жерленген жерінен топырақ салынған контейнерді Аршалы ауданындағы Құтпановтар отбасылық зиратына Иманжүсіптің ата-анасы Құтпан мен Үміт, ағалары Ақшабай мен Шонай, олардың әйелдері мен балалары, жақындары жерленген жерге көшіру. Иманжүсіптің немересі, философия ғылымдарының докторы және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Иманжүсіп Раушанның бастамасымен, Аршалы әкімдігінің қолдауыменжәне республиканыңқалың жұртшылығының қатысуымен топырақ салынған контейнер жеткізіліп, ескерткіштас орнатылды.









