С.Нұрмағамбетов ескерткіші
Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық Қаһарманы» атағының иегері Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткіші
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы көрнекті мемлекет, әскери және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының белсенді қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, «Халық Қаһарманы».
1924 жылы 25 мамырда Алексеевскийдің (бұрынғы Сталин, қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы) Қосым («Трудовое» совхозы, қазіргі Еңбек) ауылында дүниеге келген.
Бүгін С. Қ. Нұрмағамбетовтың есімімен Қазақстан қалаларындағы көшелер мен әскери оку орындары аталды, ескерткіштер, мемориалдық тақталар мен мұражайлар ашылды. Генерал Нұрмағамбетовтің есімін Астана қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебі алып жүр. Оның есімімен Ақмола облысы Аккөл ауданы, Еңбек, Урюпинка, Сазды бұлақ ауылдарындағы, Ақкөл қаласындағы көшелер аталған.
Ақкөл қаласында С. Қ. Нұрмағамбетовтың бюсті орнатылып, Жауынгерлік даңқ мұражайы ашылды.
С.Қ. Нұрмағамбетов ескерткіші тұғырының биіктігі - 2 метр, ені 2,5 метр және оған орнатылған қола статуясының биіктігі - 3 метр.
Ескерткіш Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, С.Нұрмағамбетов атындағы орталық көшедегі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы сквердің ортасында орнатылды.
Жобаның авторы белгілі мүсінші Айдос Сәбитұлы Бүркітбаев.
Ескерткіштің салтанатты ашылуы 2024 жылғы 25 мамыр күні өтті.




