Кенесары үңгірі Бурабай көлінен оңтүстік-батысқа қарай 0,5 км жерде, Ақмола облысының Бурабайауданында орналасқан. Үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған және ол аласа шоқының үстінде жатыр. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 м-дей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар. Кенесары үңгірі - туристердің көп баратын орындардың бірі.
Патша үкіметінің 1822-1824 жылдары Орта жүз бен Кіші жүзде енгізген басқару ережелері қазақұлтының дәстүрлі басқару және құқық жүйесін жойып, оның орнына округтік және шекаралық орыс басқару мекемелерін ашты. Келімсектер қазақ жерінің ең шұрайлы жерлерін тартып алып, оның әр өңіріне әскери бекіністерін сала бастады.
Ұлттық азаттықты аңсаған Кенесарының орыс бодандығына қарсы күресі 1837-1847 жылдары аралығында он жылға созылған.
Құрылған күні: 09.04.2020 12:07
Жаңартылған күні: 04.05.2020 12:15
Қаралым саны: 2509