Құмай- түрік қағанының ғұрыптық орталығы (Ақмола облысы Ерейментау ауданы). «Қосбатыр» археологиялық-этнографиялық кешені Құмай (Ұмай ұғымына синоним) өзені жағасында орналасқан алғашқы түркі дәуірінің рухани өмірінен сыр шертеді. «Қосбатыр» аталуын, сол қолына қару, оң қолына ыдыс ұстаған қос бал- балдан аңғаруға болады. Тәңір мен жер-судың тұтастығына сеніп, оларды жер бетінде бейнелейтін құдай деп танылған. Мүсіннің жанында орналасқан үй-ғүрыптық қоршау киелі шаңырақ, ошақ қасы іспеттес қасиетті. Оны арнайы батырлар қоршап тұрады. Аспан (Күн-ерлер бастауы) мен Жерді (Ай-әйелдер бастауы) бейнеленіп, образдар құралды.
Ел ордасы Астананың іргесінде, шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан Құмай археологиялық-этнографиялық кешенінің ескерткіштерін теңдессіз түрік мұрасының жаңалығына жатқызамыз. Құмай кешенінің құрамында Қазақстан халқының мәдениетінің түрлі кезеңдеріне жататын бірегей ескерткіштер топтамасы ашылды. Басты ерекшелігі әр кезеңге жататын ескерткіштердің Құмай өзенінің аңғары кеңістігінде бір-біріне жақын орналасуы болып табылады. Құмай, Ершоқы, Жаушоқы, Қосбатыр, Әулиебұлақ атауларынан көріп отырғанымыздай, аймақтың микротопонимінде айқын сақталған, өңірдің табиғи ерекшелігі- түрік жерінің қасиеттілігі туралы тарихи қалыптасқан ойды көрсетеді.
Түрік мұрасы қоршаулардың қабырғаларына ойып салынған ғұрыптық құрылыстар мен тас мүсіндердің, рулық таңбалардың сақталып қалуымен таңқалдырады. Ғұрыптық қоршаулардың шығыс жағынан орнатылған, дәстүрлі түрік стилінде, ғұлама тұлғалардың бет келбетін сипаттап қашалған мүсіндер бастапқы орындарында тұрды, қазіргі уақытта зерттелді және қалпына келтірілді.
Құмай өзені аңғарының ескерткіштері түрік халықтарының көпғасырлық тарихының куәсі ретінде қызмет ететін болады. Қола дәуірінен бастап, сақ, ғұн, түрік, оғыздардың мәдениетінің дамуында төрт мыңжылдық тарихи кезеңдерді қамтитын мемориалдық ескерткіштердің жоғары концентрациясы орналасқан қасиетті жерде қалған мұраның қанықтығы тамсандырады.
Құрылған күні: 09.04.2020 11:47
Жаңартылған күні: 04.05.2020 12:09
Қаралым саны: 2283