Ботағай кесенесі (басқаша атаулары Бытығай, Татағай) ХІ-ХІІ ғасырларының сәулет ескерткіші болып табылады. Кесене Нұра өзенінің сол жағасында, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Ботағай ортағасырлық күмбездік кесене болып келеді. Бұл қайта қалпына келтіруді мүмкін санап, 1831-1856 жылы өлшенген және сипатталған Қазақстандағы жалғыз ортағасырлық кесене болып табылады. 1862 жылы Ботағай кесенесінің суретін қазақтың ұлы этнографғалымы Шоқан Уәлиханов салды. Көптеген саяхатшылардың сызбалары мен сипаттамаларына қарағанда, Ботағай Қазақстанның сәулет-құрылыс өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. XIX ғ. ортасында кесене біршама жақсы күйге ие болды, өкінішке орай, қазірде ол қираған құрылыс үйіндісі болып табылады.
Ботағай алғаш рет Ресей картасына 1694 жылы түсірілді. Оны Тәуке ханға Ресейден келген елшілер Ф.Скибин мен М.Трошин сызған. Ол 20 парақтан тұратын«Қазақ ордасы» деп аталған. Онда Қорғалжын көлі мен хан ордасы арасында Нұра өзенінің жағалауында Бытығай қаласы орналасқаны туралы айтылған. Ол елсіз жер емес еді. Бұл жерде Ұлы Жібек жолымен жүретін көптеген керуен жолдары түйісетін. 1762 жылы Петерборда «Императорлық ғылым академиясының алқалық кеңесшісі Петр Рычковтың шығармасы» атты кітап жарық көреді. Қазақ жерін аралапөткен орыс ғалымы Бытығай туралы мынадай деректерді келтіреді: «Бытығай - Қорғалжын көліне құятын Нұра өзеніндегі қырғыз-қайсақ ордасындағы ұлы қаланың жұқанасы. Сипатта- ры бойынша бұл қала оншақырым жерде орналасқан және бұл жердегі сарай түріндегі төрт бұрышты құрылыстардың үлкендігі соншалықты, үш жүз сажындай болады. Бұл жерде бір мешіт бар және көптеген қираған тас құрылыстар бар». Тәуке хан өлген соң Бытығай қаңырап бос қалып, қирауға аз қалды.
1816 жылы И.П. Шангин кесенені қарап шығып, қысқаша сипаттама берді, ғимараттың жоспары мен кесененің алдыңғы жақ суреттемесін жасады. 1825 ж. Сібір және Орынбор шекара шебін Қазақстанға көшіру туралы I Александрдың атына жазған жазбасында алқалық кеңесші Демидов осы ескерткіш туралы жазып өткен. «Тұзды көлдердің ішінде маңайы 300 шақырым болатын Қорғалжын өзені - ең үлкені. Бұрын Есіл өзеніне ағатын Нұра өзені қазір осы көлге құяды. Осы өзеннен алыс емес жерде бұл елдің құнарлығын дәлелдейтін ескі егіндіктің аумағы көрінеді, ал 15 шақырым аймақты алып жатқан әжептәуір сәулет өнерінен хабар беретін ескі қаланың қи- рауынан пайда болған кірпіш үйінділері бұл елді қаңғырып жүрген көшпенділер емес, білімді, сауатты халық мекен еткенін дәлелдейді».Құрылған күні: 09.04.2020 11:46
Жаңартылған күні: 04.05.2020 11:27
Қаралым саны: 2607