Беспақыр кесенесі - діни-сәулет ескерткіші (XIX ғасырдың соңы) болып саналады. Ақмола облысының Қорғалжын ауданының Абай ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 шақырым қашықтықта, Қорғалжын-Астана тасжолынан Абай ауылынан бұрылыстан шығысқа қарай 11 шақырым жерде, ашық далада, ескі моланың қоршалған аумағында, Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан. Аңыз бойынша, кесене XIX ғасырдың 30-жылдары Кенесары Қасымов бастаған халық-азаттық көтерілісінде ерлік көрсеткен бес батырдың құрметіне тұрғызылған. Беспақыр кесенесі шикі өңделген кірпіштен қаланған. Мазар салынған кірпіш құрамы - қойдың сүті, жүні, аттың жалы мен саз балшықтан тұрады. Кіру есігі көлемі күмбезінің үстіңгі бөлігі опырылған, кіру аркасының жан-жағындағы қабырғада бұзылған жерлері бар, күмбезді есігі бар саған түрінде орындалған мазардың өзгешілік типін сипаттайды. Екі бөлмелі композициякөлденең осінде шығыстан батысқа қарай созылған. Шағын көлем пропорциясы қасбет қабырғаларының бірқалыпты формаларымен ерекшеленеді. Шығыс жағындағы аласа аркалары есік диаметрі 2,8 м сопақ бөлменің ішіне апарады, ол шығыңқы кірпіштен қаланған күмбезбен Есік осі бойынша - диаметрі 6,5 метр, қабырғаларының биіктігі 3 метр саған түріндегі негізгі дөңгелек бөлімге апаратын аласа екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны бар ойық. Зерттеу алғаш 1987 жылы жүргізілген.
2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г. Қамалова) зерттелген.
XIX ғасырдың қазақ халқы үшін ауыр кезеңінде халық арасынан шығып ел қамын ойлаған батырлар көп болды. Қанша уақыт өтсе де олардың ерлігін қалың ел құрмет тұтады.Құрылған күні: 09.04.2020 11:45
Жаңартылған күні: 04.05.2020 11:24
Қаралым саны: 1748