Таласов Наурызбайдың есімі әдебиеттер мен халық ортасында Науан Хазрет ретінде танымал, кеңес үкіметі кезінде көп айтылмады, көбінде басқа бағыт ұстанған кертартпа молда ретінде сипатталды. Сонымен қатар бұл кісі қазақ даласында мұсылмандық адамгершілікті уағыздаған теолог ретінде де, қазақтардың құқығын жойып, отарлауды көздеген патша үкіметіне қарсы ашық күрескерлігімен де танымал тарихи тұлға болған.
Наурызбай Таласов 1843 жылы Көкшетау округі, Мезгіл болысының, Жылкелді ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Қарауыл руының Шұңғырша тармағынан тарайды. Содан бергі шығу тегі осылайша жалғасады – Шұғыл-Ақан-Құтболат-Талас-Наурызбай. Науан Хазрет 1916 жылы 73 жасында қайтыс болып, Қопа көлінің жағасындағы мұсылмандардың зиратында жерленген. Алайда, кейінгі күндерге дейін оның нақты қайтыс болған уақыты мен жері белгісіз болып келді, сондықтан да 2001 жылы Таласов Наурызбайдың оқушысының немересі ретінде Төлеген Хамзин өз қаражатымен «Науан Хазрет» атты ескерткішті зират кіреберісіне қойған. Біраз уақыт өткен соң зират басына қойған көне құлпытас жермен-жексен болып, екіге бөлінген күйінде табылған болатын. Құлпытастағы араб графикасымен жазылған жазуда былай деп жақсы оқылады: «Бұл Көкшетау шаһарының бас имамы Науан-Мұхаммед Таласұлына қойылды, 73 жасында фаниден бахиға көшті, 1916 жыл».
Құлпытасты қазыргі жақсы кейпіне қалпына келтірген кісі бұрын соңды кеңестік-партиялық және шаруашылық қызметінде болған, қазірде зейнеткер Раев Қаратай-қажы болатын және де «Бурабай» ұлттық паркінің директоры, Науан Хазреттің алыс туысы болып келетін Әліби Ғалымның демеушілік көмегінің арқасында қалпына келтірілді.
Наурызбай алғашқыда ауыл мектебінде оқыды, сосын Қызылжар қаласындағы медреседе оқып бітірген соң, дарынды бала ретінде Бұхарадағы Кокалташ діни семинариясына ұсынады. Біраз уақыт туған ауылында жұмыс жасап, қаражат жинап 1870 жылың басында ақыры сол діни семинарияға оқуға түседі. Жаңа оқу орында Наурызбай еңбекқорлығымен ғана танылмай, сонымен қатар барлық оқытылатын пәндерді терең игергендігімен көзге түседі. Курсты аяқтаған соң дарынды семинаршы ретінде барлық мұсылмандардың орталығы Бағдат қаласына тәжірибе алуға жолданады. Тәжірибе алмасудан оралған соң алдында оқыған діни семинарияда ұстаздыққа қалдырылады.
1886 жылы Көкшетау уезінің жұртшылығы үш адамнан тұратын делегацияны Бұхара қаласына жібереді, мақсаттары Наурызбай Таласовты туған өлкесіне қайтару болды. Көкшетаудан келген эмиссарлардың өтінішіне түсіністікпен қараған бұхарлықтар Наурызбай Таласовқа рұқсат береді. Еліне оралған Наурызбай жан-жақты білімімен келеді. Ол көне түркі, өзбек тілдерімен қатар парсы және араб тілдерін, Шығыс әдебиеттерін жақсы-жетік меңгеріп шығады, орыс және татар тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Көрнекті дінтанушы-ғалым Наурызбай Таласов ғылыми атақ алып, халық ішінде Науан Хазрет ретінде танымал болды.
1886 ж. күзінде жұршылықтың таңдауы бойынша Науан Хазретті Көкшетау мешітінің облыстық басшы имамы ретінде таңдалып, сайланады. Науан Хазрет халықтың рухани білім алуында көп еңбегі сіңеді, діни рәсімдерді орындауда бір жүйеге келтіріп жеңілдетеді, көрші уездердің мешіт басшылықтарымен тығыз байланысты орнатады. Оның халық арасындағы беделінің артқанын мынадай фактіден байқауға болады, оның бастамасымен және мұсылмандардың қайырымдылығы бойынша Көкшетау қаласының орталығында жаңадан мешіт бой көтереді. Мешітте неке қию рәсімдері жүргізілді, ал 1886 жылдан бастап дүниеге келген жас сәбилердің Туу туралы кітапшасын беру құзырлығын алады. Құжатта «Уездік басшы Костырко кезінде жасалынды, және де осындай тәртіп Туполев, Коновалов, Селицкий мен Кельцев басшылардың тұсында да сақталды» деп көрсетілген.
Науан Хазрет бірінші кезекте, мешіт маңында ауылдық молдаларды қайта даярлау курстарын ұйымдастырады. Білімді бола тұра ол өз халқының терең білім алуына кіріседі, әсіресе мектеп оқушыларының білімдеріне ерекше қарады. Науан Хазрет мұсылмандардың қайырымдылық шараларан мешіт маңында медресе мен интернат ашады. Мектеп бойынша өзінің көмекшісі қылып өзінің бұрынғы оқушысы, Қотыркөл болысының тумасы Қосшығұлов Шаймерденді таңдап алады.
Сол кезде Қазақстанда мектеп-школдар мен медреселердің екі түрі болған. Мектептерде бастауыш білімдерді алған, көбінде бұнда діни кітаптарды оқуға, арифметика, оқу, араб емле жазуы және калиграфия – араб графикасындағы әріптерді дұрыс жазу сияқты оқуларды оқытқан. Әдетте мектеп-медреселер қалаларда ашылатын және де онда ауыл мектептерін бітіргендерді қабылдайтын. Науан Хазыреттің мектеп-медресесінде мұсылманша білім бергенімен қатар зайырлы білім де берілетін, мектеп оқушылары жазып оқуды, шығыс әдебиеттерін, араб және орыс графикасын да оқитын. Ең қызықтысы балалар Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, Біржан сал мен Ақан серінің әндерін шырқайтын. Медреседе араб және парсы тілдері мен Шығыс әдебиеті классиктерін игеруге көп көңіл бөлінетін. Уездік басшы тарапынан мектеп-интернатты тексеріп, іздеу жасаған кезде оқушылардан Фирдоусидің, Навоидің, Саадидің, Низамның және т.б. авторлардың кітаптары алынған.
Ата-аналар оқу орынға ақша төлемеген, медреседе қосалқы шаруашылық болған соң сенушілердің қайырымдылық шаралары бойынша сатып алынған ірілі-ұсақты малдарды өздері бағып-баптап, оларға қыстық жем-шөпті өздері дайындап отырған. Осылайша ғасыр бұрынғы жұмыс істеген Науан Хазрет медресесі өзін-зі ақтап отырған және де жұмыс барысында білім мен еңбекті бірге ұштастырып отырған. Медреседегі ұстаздар қатарында Науан Хазрет, Шаймерден Қосшығұловпен қоса шығу тегі Ташкенттік өзбек Ингам Кари және де саяси айдауда жүрген Петр Гарлишев те болған, екеуі де қазақ тілінде еркін сөйлейтін.
Науан Хазрет медреседегі сабақтар мен уағыз жұмыстарында үнемі заманауи білім алу қажеттігі жайлы айтатын, жай ғана айтып қоймай дәстүрлі білімді жетілдіріп іс жүзінде де жүзеге асырын, исламды уағыздағанда көпшілікке түсінікті ана тілінде жүргізетін.
Дереккөз: тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ. Әбуев
Құрылған күні: 09.04.2020 15:01
Жаңартылған күні: 04.05.2020 12:17
Қаралым саны: 2821