Баубек батыр (1690-1760)- Кенесары Қасымұлының әскері қатарында талай қырғын соғысты басынан өткерген, кейіннен өзімен аталас туыс-туғандарын жартылай болса да отырықшылыққа бейімдеген белгілі тұлға.
Әке-шешесі 9 жасында қайтыс болған бала, Кенесарының бәйбішесі Күнімжанның қолында қолбала болып өседі. Уақыт өте келе Баубекжорықтарға қатысып, жауапты тапсырмаларды тыңғылықты орындап көзге түседі.
Баубек батыр туралы ресми түрде алғаш жазған ұлтжанды азамат, ғалым Ермұхан Бекмаханов болды. 1995 жылы журналист Ахметжан Байжанның «Бектауыл Баубек батыр» атты кітабы жарық көрген. Онда Баубек батырдың өмірі мен Кенесары қозғалысына қатысқан кезеңі жайында жан-жақты айтылады. Баубек батыр Кенесары қозғалысыныңбасынан аяғына дейін қатысып, қырғыз жерінде хан қазаға ұшыраған уақытта қырғыздардың қолында тұтқында болады.
Баубек батыр еліне келген соң Терісаққан өзенінің бойын жайлап, бейбіт өмір кешеді. Дегенмен, Кенесарыкөтерілісіне қатысқан, ел алдында үлкен беделі бар Баубек батырды патша шенеуніктері тыныш қоймайды. Содан оны көтеріліске қатысқаны үшін Сібірге, Түмен облысына жер аударады. Туған жерінен кетіп бара жатып батыр«Енді қайтып келе алмасам,денем туған жерде қалсын» деп, шынашағын шауып, жерге көміп кетіпті дейді. Кейін Түмен жерінде батырдың қайтыс болғанын естіген балалары әкелерінің шынашағын көмген жерге зират орнатады.
Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан бұрын Қызыл Ту ауылы болып аталған жер 1993 жылдан бері Баубек батырдың есімімен аталады. Кесенесі Есіл өзенінің биік жағасында, шымнан қаланған.Құрылған күні: 09.04.2020 11:03
Жаңартылған күні: 04.05.2020 11:20
Қаралым саны: 2334