Бұзақылық әрекеттер үшін қандай жаза қолданылады?

Бұзақылық әрекеттер үшін қандай жаза қолданылады? 0

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабында Вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра обьектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдірсе,

- елуден бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабында кәмелетке толмағандардың бұзақылығы құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттерді жасағаны үшін жауаптылығы. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы,

– ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.