Негізгі жұмыстар

1. Жалпы жұмыстары

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау аясында негізгі іс-шараларды жүзеге асырады. Оның ішінде: Зеренді ауданының Кеңөткел ауылына жақын орналасқан Қошқарбай қонысы мен Сандықтау ауданының Красный поляна ауылына жақын орналасқан қоныстардағы қорғау-құтқару жұмыстары. Сондай-ақ мекеменің инспекторлары жыл сайын Ерейментау ауданына барлау жұмыстарын жүргізеді. Облыстың тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында заңнамалық бұзушылықты болдырмау мақсатында объектілер мен ескерткіштердің техникалық жағдайын қадағалау маңызды жұмыстардың бірі болып саналады. Қала жастарымен де жұмыс жасалмай қалмайды, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, мектеп оқушыларымен семинарлар, дөңгелек үстел, ақциялар өткізіледі. Осы жасалып жатқан жұмыстар тарих объектілеріне деген құрмет және патриоттық және отаншылдық сезімді ояту болып саналады. 2017 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Туған жер» атты арнайы жобалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде «Ұлы даланың -Ұлы есімдері» атты жобасы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін кеңінен насихаттайды.