Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты акциясы

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты акциясы

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні-көктемнің жарқын мерекесі сұлулық, махаббат пен нәзіктік күні жақындап қалды. № 12 орта мектептің оқушылары қалыс қалмады. Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі «Ананың ақ тілегі» атты сәулет-монументальді ескерткіш алдында  ана сезімін бейнелейтін акция болды. Оқушылар, вокзал алаңында орналасқан сәулет композициясы болып саналатын  монументальді ескерткіш туралы айтып, барлық әйелдерді  көктем мерекесімен құттықтап, өлеңдер оқыды.