«Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны» атты өлкетану сағаты

«Қазақ  халқының тарихындағы  тұңғыш кәсіпқой балуаны» атты өлкетану сағаты 0 «Қазақ  халқының тарихындағы  тұңғыш кәсіпқой балуаны» атты өлкетану сағаты 1 «Қазақ  халқының тарихындағы  тұңғыш кәсіпқой балуаны» атты өлкетану сағаты 2

«Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне құрмет пен қызығушылықты жаңғырту мақсатында Ақмола облысының Мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және оны пайдалану орталығы» КММ Қажымұқан Мұңайтпасовтың 7 сәуірдегі туған күніне орайластырып, «Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны» атты өлкетану сағатын өткізді. Іс-шараға Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері қатысты.

Қажымұқан Мұңайтпасов қаншама жыл өтсе де, өзінің жеткен жетістігімен жас спортшыларды жігерлендіріп, олардың пір тұтатын «сүйіктісі» болып қала береді.

Ол Қорғаныс қорына өзінің жиған-терген ақшасын аудару арқылы азаматтық жасады. Қажымұқан ағаның өтінішімен ұшақты қазақтың батыры Амангелді Имановтың атымен атады. Қажымұқанның өзі салтанатты жағдайда сыйлаған Поликарпов-2 (ПО-2) ұшағы біздің отандасымыз жас қазақ ұшқышы Қалжытай Шалабаевтың басқаруымен Балтық жағасы және  Ленинград майданында соғыс жүргізіп, жауынгерлік 217 ұшып шығып, әуеде 430 сағат болып, үйге Жеңіспен оралды. 

Бүгінгі рухани жаңғыру жолында Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімі мұражай, ескерткіш, көше, мектеп, стадион, елді-мекен атауларында, кітап пен көркем фильмдерде мәңгі есте қалып, қашалып жазылған.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылында 2014 жылдың желтоқсан айында биіктігі 3,6 метр, тұғыр биіктігі 3,2 метр болатын ескерткіш орнатылды.

Көкшетау қаласында № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі 2005 жылдан бері  Қажымұқан атын алып жүр. Қазіргі таңда мұнда бокс, баскетбол, ауыр атлетика секілді үш бөлімшеде 600-ден астам спортшы, өз елінің нағыз ұлтшылдары оқып жатыр.

Өлкетану сағатында жас спортшылар ұлы қазақ спортшысы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірінен қызықты деректер біліп қана қоймай, оның туғаны күні – 7 сәуір қарсаңында тағы бір мәрте құрметпен еске алды.  «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және оны пайдалану орталығы» дайындаған материалдарды қызыға қарап шықты.