Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс.

Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері туралы көрме ұйымдастырылып, киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.