Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші Юрий Григорьевич Поповпен «Созидатели нашего времени» атты шығармашылық кездесу кеші

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті базасында Ақмола облысы Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Юрий Григорьевич Поповпен «Созидатели нашего времени» атты шығармашылық кездесу кеші ұйымдастырылды.

Юрий Григорьевич Попов мүсінші ретінде танымал, Ақмола облысындағы монументалды өнер ескерткіштері - М.Ғабдуллиннің (Зеренді ауылы), «Балқадиша» мүсінінің (Зеренді ауданы), Ш. Уәлиханов бюстінің (Көкшетау қаласы) авторы болып саналады.

Іс - шараға Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттерге суретші Ю.Г. Поповтың жеке көрмесі ұсынылды.