Ұлыстың ұлы күніне орай, «Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні» атты тарих сабағы

Ұлыстың ұлы күніне орай, «Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні» атты тарих сабағы 0 Ұлыстың ұлы күніне орай, «Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні» атты тарих сабағы 1

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті тарих факультетінің 2,3 курс студенттеріне «Наурыз-Ұлыстың Ұлы күні» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Наурыздың тарихы, мәні мен мағынасы және әдеп-ғұрыптар, ұлттық киімдер, ұлттық тағам Наурыз көженің дайындалуы туралы айтылды. Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке. Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны.

Жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жарияланды, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылып, Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Атап айтсақ: 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі», 15 наурыз – Қайырымдылық, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 17 наурыз – Шаңырақ, 18 наурыз – Ұлттық киім күні, 19 наурыз – Жаңару, 20 наурыз – Ұлттық спорт, 21 наурыз – Ынтымақ, 22 наурыз – Жыл басы, 23 наурыз – Тазару.

 Сонымен қатар, студенттерді Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтап, денсаулық, береке, амандық, сәттілік тілейміз.   Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!