«Қайырымдылық - асыл қасиет». «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы» мекемесінің тәрбиеленушілерімен кездесу

«Қайырымдылық - асыл қасиет». «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы» мекемесінің тәрбиеленушілерімен кездесу 0 «Қайырымдылық - асыл қасиет». «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы» мекемесінің тәрбиеленушілерімен кездесу 1

Наурыз-көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі, достық пен бірлікті бейнелейді. Бұл күні адамдар туыстары мен жақындарына ізгі тілектерін тілеп, қолдау көрсетіп, игі істер жасайды.

15 наурыз - «Қайырымдылық - асыл қасиет» атты қайырымдылық күні Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығына барып, қордың қамқорлығындағылармен кездесіп, балаларға сыйлықтар апарып және Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

Қайырымдылық әртүрлі мәдениеттер мен діндерге жататын адамдар арасындағы диалогты, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен жеке тұлғалардың күш-жігерін мойындай отырып, ынтымақтастық пен өзара түсіністікті ынталандыруға көмектеседі.

БҰҰ үкіметтер дамуға жалғыз қол жеткізе алмайды деп санайды, сондықтан азаматтық сектордың қатысуы — еріктілік пен қайырымдылық арқылы — адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерту маңызды рөл атқарады. Азаматтық қатысу орнықты дамуға: бар проблемалар туралы хабардарлықты арттыру және ұжымдық күш-жігерді жандандыру; халықтың әртүрлі топтары арасындағы сенімді нығайту және олардың әлеуметтік капиталын шоғырландыру; әлеуметтік және мәдени кедергілерді жою және қоғамдағы бірлікті нығайту арқылы үлес қосады; тұрғындары өз тағдырлары үшін жауап беруге дайын неғұрлым белсенді және тұрақты қауымдастықтар құру болып саналады. Наурыз мерекесінде қайырымдылық жасап, мейірімділікке шақырамыз.