«Көктем басы - көрісу» көрісу күніне арналған, зағип және нашар көретін азаматтар орталығының мүшелерімен кездесу

«Көктем басы - көрісу» көрісу күніне арналған, зағип және нашар көретін азаматтар орталығының мүшелерімен кездесу 0 «Көктем басы - көрісу» көрісу күніне арналған, зағип және нашар көретін азаматтар орталығының мүшелерімен кездесу 1 «Көктем басы - көрісу» көрісу күніне арналған, зағип және нашар көретін азаматтар орталығының мүшелерімен кездесу 2

Қазақстанда Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі болып келеді. Бұл күні адамдар ұлттық киім киініп, туыстары мен достарына қонаққа барады және ізгі тілектерін айтады. Наурыз мейрамы парсы тілінде «жаңа күн» дегенді білдіреді.

14 наурыз-Көрісу күні дала ұзақ қыстан шығып, халық бір-бірімен кездесіп, қыстан аман-есен аман қалғандар туралы ізгі тілектермен амандасып, үлкендерге құрмет көрсетеді. Бұл наурыз рәсімінің бөлігі болып табылатын ежелгі дәстүр. Мереке 14 наурыздан басталады (1 наурыздан бастап ескі күнтізбе бойынша).

Бұл күні ренжіген адамдар өздерінің реніш, өкпе-наз ұмытып, татуласады. Бұл жақын адамдар арасындағы байланысты нығайтатын дәстүр.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы оқырмандармен "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы үлгідегі қалалық кітапхана" КММ - де «Көктем басы-көрісу» аты кездесу кешін өткізді.

Наурыз-БҰҰ Халықаралық мереке ретінде танылды. Наурыз Орталық Азияның барлық елдерінде, сондай-ақ Грузия, Үндістан, Иран, Қытай, Түркия және әлемнің басқа да көптеген елдерінде атап өтіледі.