«Ақмола облысының киелі жерлері» атты тарих сабағы өтті

«Ақмола облысының киелі жерлері» атты тарих сабағы өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, «Ақмола облысының киелі жерлері» атты Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттеріне тарих сабағын өткізді. Ақмола облысының киелі жерлері туралы көрме ұйымдастырылып, киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді, бұл дегеніміз-туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Мақсаты – өзіміздің жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу болып саналады.