«Ауғанның отты жалыны» акциясы

«Ауғанның отты жалыны» акциясы 0 «Ауғанның отты жалыны» акциясы 1

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «Ауғанның отты жалыны» акциясына қатысып, Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.

Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш 2003 жылы ашылып, осы жылы ескерткіш стеламен толықтырылды. Қасбет қырында екі тілде «1979-1989 жылдары Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге» деген жазу және Ауған жерінде қаза болған 89 адамның аты-жөні жазылған.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толу мерекесі құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде әрқашан сақталады!