Ақмола облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі экологиялық акция

2023 жылдың 17 қазанында Ақмола облысының барлық ескерткіштерінде жыл сайынғы «Бабалар ескерткіштері-ұрпақтарға аманат» атты Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастамашылығымен жаппай экологиялық акция өтті.
Экологиялық акциялар – Ақмола облысының барлық қалаларын, аудандарын және ауылдық округтерін қамтитын тарихи-мәдени мұраны және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған, жаңа уақыт мәдениетінің бір бөлігі және оқиғалы-маңызды іс-шаралар болып саналады.
«Бабалар ескерткіштері – ұрпақтарға аманат» акциясының мақсаты – тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және насихаттау, жалпы мәдени және рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту, ұлттық тарихи сананы және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды қалыптастыру.