Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!
Мемлекеттік рәміздер-бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас нышаны болып саналады. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран- Мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» стеласының жанындағы орталық алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» акциясын өткізді, іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих факультетінің студенттері қатысты. Оқушылар туған жерге, елімізге, өлкемізге арнап өлең оқыды! Отанға деген сүйіспеншілікті, еліміздің Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді білдірді!