«Тұғыры биік Тәуелсіздік – мәңгілік елдің айғағы»
Тәуелсіздік- қазақ халқының тарихындағы ұлы бабалардың асқақ арманының , аманатының айшықты айғағы. Сан ғасыр қилы замандарды басынан өткерген ұлы қазақ халқының , ғасырдан –ғасырға жетерлік еркіндік жолындағы айбарлы күрестерінің жалғасы болған 1986 жылдың 16 -желтоқсаны Тәуелсіздіктің тұғырлы қазығын мәңгілікке қағып берді. Тәуелсіз іргелі Мәңгілік ел екенімізді әлем мойындады. Сонау алпауыт елдермен терезесі тең мемлекетке айналдық Ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырып, рухани дүниелеріміз қайта оралып, блашақ ұрпақтың келешегі айқындалды. Тәуелсіздіктің нәтижесі бірқатар сындарлы сапалы да, салалы істерді атқаруға мүмкіндік берді. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы әлемге танылып, қазақ атты қайсар рухты ел саяси аренаға көтерілді.
Иә, бұл -Тәуелсіздік атты ұлы сөздің құдіреттілігі осында. Қазіргі таңда осындай ұлы елдің ұлтының болашағы жолында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы қазақ халқының болашағының жарқын айнасына айналды. Осыған орай еліміздің 16- желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тарихи –мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МК-сі Көкшетау медициналық колледж студенттеріне «Тұғыры биік Тәуелсіздік – мәңгілік елдің айғағы» атты акция ұйымдастыра отырып, тәуелсіздік тарихы туралы ақпараттармен қатар Ақмола облысының тарихи мәдени мұралары туралы деректермен таныстырды. Сонымен қатар 11- желтоқсанда Қалалық үлгілі қазақ кітапханасымен бірлесіп «Мәңгілік ел» тақырыбында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледж студенттерімен Тәуелсіздік мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Тәуелсіздік жолындағы қазақ мемлекетінің басынан өткен тарихы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, Тәуелсіздіктің бүгінгіұрпақтары, жалынды жастар Ұлан Зейнелқабделұлы, Нұрлан Қыстауұлы рух көтерерлік өлеңдер оқыды. Студенттер сонымен бірге Ақмола өңірінің киелі жерлерінің тарихымен танысып, қызықты мәліметтер алды. Осындай Еліміздің Тәуелсіздігінің құрметіне орай ұлттық рухты , елдің болашақ туын ұстар жалынды жастарды тәрбиелеу мақсатында ұдайы шаралар ұйымдастыру орталықтың игі дәстүріне айналды.
Ел ертеңі бүгінгі жастар, жас ұрпақтар санасына тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұдайы насихаттап отыру баршамызға міндет болмақ. Өскелең ұрпақ елдің ертеңі, Бабалар аманатына айналған ұлан байтақ елмен жерді, тарих пен дәстүрді сақтау жолында атсалысу баршаға ортақ іс. Тәуелсіздіктің жырын жырлаған, бүгінгінің ақиық, жалынды ақыны Қалақаман Сариннің......
Тәуелсіздік Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім- деп басталатын...........
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым!
Қадіріңде жоқ онда!...
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қыинырақ оданда!
Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қоймаған,
Саған,
Оған да ! дегендей Тәуелсіздік барша қазақ ұлтының ата--бабадан қалған асқақ арманы мен асыл аманаты.
«Тарихи –мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы»МКМ-сінің қызметкері Ғалия Назарқызы
Дата создания: 12.12.2019 15:47
Дата обновления: 12.12.2019 15:47
Количество просмотров: 3070