«Аңызға айналған киелі ескерткіштер»

«Аңызға айналған киелі ескерткіштер» 0 «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» 1

«Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы негізінде, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 6 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс барысында киелі объектілер туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетіліп, құнды да қызықты мәліметпен ақпараттандырылды.

Мақсаты–жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу болып саналады. Аталмыш қиелі жерлер немесе орындар біртұтас еліміздің ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын, жас буынның болашаққа сеніммен қарап, нық қадам басуына, олардың бойына қазақстандық патриотизм мен мемлекетшілдік рух сіңіруге қызмет етпек деген ойдамыз.