Еңбек күні- бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі

Еңбек күні- бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі 0 Еңбек күні- бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі 1

Еңбек күні- бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. 2013 жылдан бері еңбек күнін тойлау дәстүрі қайта жанданды.

Қазіргі таңда еңбекке деген құрметті жандандыру, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеу болып табылады. Бұл күні өзінің табандылығы және қажырлы еңбегімен нәтижеге қол жеткізетін адамдарды мақтан тұтып, үлгі етіп, атап өтуге керемет мүмкіндік бар.

Әр ата-ана өзінің баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз егеменді еліміздің болашағы жарқын деп атап айтар едік.

Еңбек күніне орай және қаламыздың тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау мақсатында,  Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студентерімен 2023 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 15-00 де Қ. Сәтпаев және Е. Әуелбеков ескерткіштері алдында «Ер дәулеті-еңбек» атты акция өткізді. Акция барысында Қ. Сәтпаев пен Е. Әуелбековтің  өмірі, Қазақстанның өсіп өркендеуіне қосқан зор еңбектері жайлы айтылды және қазіргі таңда болашақ ұрпақ үшін үлгі болып саналады.