Астана күні - Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам

Астана күні - Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам 0 Астана күні - Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам 1

Астана күні - Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам. Тарихы мен табиғаты, сәулеті мен бүкіл тіршілігі дара, тарихымыздың түндігі - жас қала Астананың күн сайын еңсесі биіктеген калаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандыруда.

Астана күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2023 жылдың 5 шілде күні Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 1-4 сынып оқушыларына орталық алаңда орналасқан «Тәуелсіздік» стеласы жанында ««Жайнай бер, жас Астана!» атты  акциясын өткізді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты- Республиканың орталығы- Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу болып саналады.

Сүйікті Астана қаламыз көркейе берсін демекпіз!