Құрманғазы Сағырбайұлы ұлы күйші-композитор

Құрманғазы Сағырбайұлы ұлы күйші-композитор

Құрманғазы Сағырбайұлы ұлы күйші-композитор. Қазақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі. Күй атасы саналатын бабамыздың түрмеге бірнеше рет қамалып, алайда еңсесін түсірмей, болашақ ұрпаққа өзінің туындыларын қалдырған ұлы бабамыздың Кісен ашқан, Түрмеден қашқан, Ақсақ киік, Балбырауын, Аман бол шешем атты күйлері халыққа кеңінен танымал.

Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдық мерей тойына  арнап  Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2023 жылдың 1 шілде күні зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасының оқырмандарымен «Күй атасы –Құрманғазы» тарих сабағы өткізілді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты- аталмыш күйлердің тарихы мен өмірбаяны айтылып, өскелең ұрпаққа Құрманғазы Сағырбайұлының артынан қалған мұрасы болып саналатын күйлерін насихаттау болып саналады.