«Ескерткіштер сыр шертеді»

«Ескерткіштер сыр шертеді» 0 «Ескерткіштер сыр шертеді» 1

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2023 жылдың 23 маусымында Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 1-4 сынып оқушыларымен балалардың жазғы демалысына  арналған  «Ескерткіштер сыр шертеді»атты тақырыпта қаламыздың орталығында орналасқан «Тәуелсіздік» стеласы, «М. Ғабдуллин» ескерткіші мен «Домбыра» мүсіні және «Абылай хан» ескерткішіне экскурсия өткізді.

Осыған орай, мектеп оқушылары тарихи-мәдени орындарға саяхат жасап, ескерткіштермен танысып, әрбір ескерткіштің тарихынан мәлімет алды. Іс-шараның мақсаты- тарихи-мәдени мұра ескерткіштер туралы мәлімет беру және олардың тарихын айтып, оларды сақтау борышымыз, міндетіміз екендігін түсіндіру болып саналады.