«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 16 қараша күні сағат 15-00-де М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында еліміздің белгілі тарихи тұлғасы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған «Тарих –ғасырлар куәсі» атты дөңгелек үстел өткізді
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 16 қараша күні сағат 15-00-де М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында еліміздің белгілі тарихи тұлғасы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына арналған «Тарих –ғасырлар куәсі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясы, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі, №6 мектеп-лицейі және Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты.
Іс-шарада ғалымдар мен оқушылар Шыңғыс ханның ұрпағы, Абылай ханның немересі, 1837-1847 жылдары Қазақ жерінде дала дауылындай болып өткен ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы Кенесары Қасымұлының өмірбаяны, аталмыш азаттық күрестің тарихи маңыздылығы туралы баяндамалар оқып, Кенесары ханның атымен байланысты Ақмола өңіріндегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштері, киелі жерлері -Абылай хан ескерткіші (Көкшетау қ.), Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі (Бурабай ауданы), Кенесары хан ескерткіші (Көкшетау-Астана тас жолы) туралы мәлімет берілді.
Іс-шара мақсаты: қазақ халқының ұлы тұлғаларының есімдерімен байланысты тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделінің мәнін ашу, жасөспірімдерді еліміздің тарихи-мәдени мұраларымен таныстырып, патриотизм сезімін ояту, сонымен қатар зерттеу жұмыстары арқылы жастардың өзіндік санасы мен адамгершілік руханиятын қалыптастыру болып саналады.
Дата создания: 17.11.2022 15:55
Дата обновления: 17.11.2022 15:55
Количество просмотров: 351