1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Тарихи-мәдени мұра – бабаларымыз жасаған және халықтың болмысын сақтау мен дамыту, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі үшін маңызы бар материалдық және рухани құндылықтар. Тарихи-мәдени мұраның жылжымайтын объектілері (тарих және мәдениет ескерткіштері) оның материалдық негізін құрайды және ұлттық тарихи-мәдени ортаны қалыптастырады.
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы күніне орай «Ұлы Дала жауһарлары» атты көрме өткізді.
Ұлы даланың өткен тарихын, оның әлемдік өркениеті үшін маңызын зерттеуге археология да өлшеусіз үлес қосуда. Көрмеге қойылған жәдігерлер ішінде 2022 жылы Зеренді, Бурабай аудандарында өткен археологиялық экспедиция кезінде табылған қола, ерте темір дәуірін қамтитын еңбек құралдары, ат әбзелдері бұйымдары, керамика және басқа да қызықты артефактілер ұсынылды.
Дата создания: 20.10.2022 15:48
Дата обновления: 20.10.2022 15:48
Количество просмотров: 490