«Киелі география: қорытындылар мен перспективалар»
2021 жылғы 14 шілдеде Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Киелі географиясы» жобасы аясында «Киелі география: қорытындылар мен перспективалар» атты Ақмола облысының киелі объектілерін кеңінен тарату жөніндегі кеңестің онлайн отырысын өткізді.
Іс-шараға қатысушылар Ақмола облысында «Киелі география» жобасының іске асырылу барысын, сондай-ақ киелі объектілердің цифрландырылуы, археологиялық жұмыстардың жүргізілуі, киелі нысандар орналасқан жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі мәселелерін қарастырды.
Тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу мәселесіне зор көңіл бөлінді.
Дата создания: 15.07.2021 14:40
Дата обновления: 15.07.2021 14:40
Количество просмотров: 794