Орталық мамандары «Тараз – дәуірлер куәсі» атты жылжымалы көрмесіне қатысты
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің мамандары Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұсынылған Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырған «Тараз – дәуірлер куәсі» атты жылжымалы көмесіне қатысты.
Көрме екі мыңжылдықтан астам тарихы бар, Қазақстанның ең көне қалаларының бірі – ежелгі Тараз қаласының бай тарихи-мәдени мұрасына арналған. Көрмеде қаланың дамуының әртүрлі кезеңдерін және Ұлы Жібек жолының маңызды орталығы ретіндегі рөлін көрсететін бірегей тұрмыстық заттар, қыш ыдыстар мен басқа да артефактілер қойылған.
Дата создания: 29.06.2026 17:33
Дата обновления: 29.06.2026 17:33
Количество просмотров: 24




