ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 0 ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 1 ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 2 ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 3 ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ 4

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жыл сайын Ақмола облысының аумағында бұзылу қауіпі төніп тұрған археологиялық ескерткіштерге қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізеді.

«Қазыналы қазба ұлт құндылығы» жобасы аясында 2026жылдың маусым-шілде айларында Зерендіауданы Қошқарбай шатқалындағы Шағалалы-Қошқарбай өзені бойында орналасқан қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің Кеңөткел қорымдарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Археологиялық экспедия Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты, археолог – Тлеугабылов Данияр Төлегенұлының ғылыми жетекшілігімен жүргізілуде.

Экспедицияға Астана қаласы Ұлттық музейінің археолог ғалымдары қатысуда, сонымен қатар Зеренді және Жақсы аудандары мектептері жанынан құрылған археологиялық клубтың жас зерттеушілері де қатысуда. Зерттеуші ғалымдарымызға сәттілік тілейміз.