Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрмені №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру лагерінің 1-4 сынып оқушыларына өткізді.
Аталмыш көрме оқушылар үшін маңызды және іс-шара арқылы Ақмола облысының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге көмектесті. Оқушылар аймақтың қасиетті және тарихи ескерткіштерімен танысып, халықтың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы туралы білді.
Мұндай іс-шаралар отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге мүмкіндік туғызады, болашақ ұрпақ үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятады.
Дата создания: 12.06.2026 16:30
Дата обновления: 12.06.2026 16:30
Количество просмотров: 20




