31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Өзекті өртейтін шындық» атты танымдық іс-шара өтті

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу  күніне орай, «Өзекті өртейтін шындық» атты танымдық іс-шара өтті 0 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу  күніне орай, «Өзекті өртейтін шындық» атты танымдық іс-шара өтті 1

31 мамыр- Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Өзекті өртейтін шындық» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің бірінші курс студенттері қатысты.

Бұл күн 1930 жылдары тоталитарлық режимнің құрбанына айналған миллиондаған азаматтарымызды еске алып, олардың рухына тағзым ететін ерекше күн. Тарихи деректерге сүйенсек, қуғын-сүргін жылдарында жазушылар, ғалымдар және діни қайраткерлері, қазақ зиялы қауымының мүшелері тұтқындалып, Қазақстаннан жер аударылған немесе өлім жазасына кесілген.

Танымдық іс-шара саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары жерленген ескі мұсылман зиратында, сондай-ақ С. Сейфуллиннің ұлының жерленген орнында өтті.

Қатысушылар діни ағартушы және өз заманының қоғамдық-саяси оқиғаларымен байланысты тарихи тұлға Наурызбай Хазірет Таласұлының қасиетті жеріне барды. Қызметі үшін ол патша әкімшілігі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылды.

Іс-шараның мақсаты- қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу, сонымен қатар жастарды азаматтық санаға тәрбиелеу, сонымен қатар өз елінің тарихына құрметпен қарауға қалыптастыру.